Оқу-жаттығу Әзербайжан және Италия қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Оған екі елдің әскери-азаматтық ынтымақтастық (CIMIC) жөніндегі сарапшылары және Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің бас басқармалары, басқармалары мен әскер түрлерінің әскери қызметшілері қатысты.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз және қоғаммен байланыс құрылымында өткен сабақтарда әскери операцияларды жоспарлау және жүргізу кезіндегі CIMIC рөлі мен маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ азаматтық халықпен және тиісті мекемелермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, азаматтық инфрақұрылымға қатысты мәселелер қаралды.
Италиялық әскери сарапшылар әскери-азаматтық ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары, оны іске асыру тетіктері және халықаралық тәжірибе туралы таныстырылым жасады. Оқу топтары практикалық тапсырмаларды орындады.