Қытайдың Тайвань істері жөніндегі мемлекеттік кеңесінің өкілі Чжан Хань Демократиялық прогрессивті партия билігінің екі жағалау арасындағы экономикалық байланысты үзу әрекеті сәтсіздікке ұшырайтынын айтты.
Қазанның 21-індегі баспасөз мәслихатында ол Қытайдың Кеден бас басқармасының деректеріне сүйеніп, қаңтар-қыркүйекте екі жағалау арасындағы сауда көлемі 301,18 млрд доллар болғанын хабарлады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,3%-ға көп.
Қытайдан Тайваньға экспорт 849 млрд долларды құрап, 37,3%-ға өсті. Тайваньнан Қытайға импорт 216,28 млрд долларға жетіп, 27,8%-ға артты.