Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нинь 8 қыркүйекте Тайвань ешқашан мемлекет болмағанын және болашақта да мемлекет бола алмайтынын айтты. Ол Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді.
Мао Ниньнің сөзінше, Тайвань басшысы Лай Циндэ әкімшілігінің БҰҰ Бас Ассамблеясының 2758-қарарын бұрмалауы Тайвань тәуелсіздігін жақтайтын сепаратистік ұстанымын көрсетеді. Оның айтуынша, бұл пікірлер екі жағалаудың бір Қытайға тиесілі екені туралы тарихи және құқықтық фактіні өзгерте алмайды.
Қытай СІМ өкілі 1943 жылғы Каир декларациясында Жапония басып алған Тайваньды Қытайға қайтару көзделгенін, ал 1945 жылғы Потсдам декларациясында Каир декларациясының шарттары орындалуы керектігі расталғанын айтты. Мао Нинь бұл халықаралық құқықтық құжаттар Қытайдың Тайваньға егемендігін айқындайтынын жеткізді.