Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мао Нин АҚШ Тайвань мәселесіне сақтықпен қарап, нақты іс-әрекетімен Қытай-АҚШ қатынастарының жалпы ахуалы мен өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдауы керек екенін айтты.
Мао Нин бұл мәлімдемені 12 қазанда өткен кезекті баспасөз мәслихатында жасады. Ол Қытайдың Тайвань аралының шығысындағы теңіз аймағында айрықша экономикалық аймағы мен құрлықтық қайраңы бар екенін айтты.
Оның сөзінше, Қытайдың бұл теңіз аймағындағы әрекеттері елдің егемендік құқықтары мен юрисдикциясы аясында жүзеге асады және заңды.