Иран Ислам Республикасының байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Катардың Тегерандағы төтенше және өкілетті елшісі Саад бин Абдулла Әл-Махмуд Әш-Шарифпен кездесті.
Кездесуде тараптар байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады.
Министр екі елдің халықаралық мамандандырылған форумдардағы өзара іс-қимылын нығайтудың маңызын атап өтті.