Иран Жоғарғы жетекшісінің атынан келген делегация 5 қараша күні кешке аятолла Вахид Хорасаниге Тегерандағы ауруханада барды.

Делегация құрамында Рахимиян, Мұхаммади Ираки және Хадж-Али Акбари болды. Олар Жоғарғы жетекшінің сәлемі мен дұғасын жеткізіп, діни жетекшінің емделу барысы туралы мәлімет алды.

Аятолла Вахид Хорасани ауруына байланысты ауруханаға жатқызылып, жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.