Алматыға Испаниядан Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне арналған екінші ауыр Airbus A400M Atlas әскери-көлік ұшағы келді.
Екінші A400M Қазақстанның әскери-көлік авиациясының мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ұшақтар қорғаныс міндеттерінен бөлек, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, халықты эвакуациялауға және гуманитарлық көмек жеткізуге тартылуы мүмкін.
Әскери-көлік авиациясын қолданудың тағы бір бағыты — қазақстандық әскери қызметшілердің халықаралық бітімгерлік миссияларға қатысуын қамтамасыз ету. Бұл үлгідегі ұшақтар ұлттық бітімгерлік контингентті өз күшімен жеткізуге мүмкіндік береді.