Қазақстанда алғаш рет ИКАО-2026 авиациялық қауіпсіздік апталығы өтеді. Іс-шара 20–22 қазанда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің қолдауымен өтетін апта авиациялық қауіпсіздік және киберқауіпсіздік саласындағы негізгі халықаралық іс-шаралардың бірі болады.