Қазақстан Қарулы күштерінде Әскери барлаушы күні аталып өтуде. Қазақстанның әскери барлау тарихы 1992 жылғы 5 қарашада алғашқы барлау бөлімшесі құрылған кезден басталады.
Әскери барлау ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Міндеттерді тиімді орындау барлау ақпаратын уақтылы жинауға және талдауға, ахуалды объективті бағалауға және ықтимал қатерлерді анықтауға байланысты.
Әскери барлаушы қызметі жоғары кәсіби дайындықты, сараптамалық ойлауды, ұстамдылықты және тәуекелі жоғары жағдайда әрекет етуге дайын болуды талап етеді.