Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен жоспарға сәйкес, 9 қараша — Мемлекеттік Ту күніне орай Баку, Сумгайыт, Гянджа және Нахчыван қалаларының орталық көшелері, даңғылдары мен алаңдарында әскери қызметшілердің шерулері өтті. Шерулерді әскери оркестрлер сүйемелдеді.

Шерулер алдында Әзербайжанның бұрынғы жетекшісі Гейдар Әлиевті, сондай-ақ елдің тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы және егемендігі жолында қаза тапқан адамдарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Әзербайжан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалды.

Әскери қызметшілер патриоттық әндер мен марштарды орындады. Тұрғындар шерулерді зор ықыласпен қарсы алып, қол соқты.