Тәжікстанда биылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қазанда басталды. Он күн ішінде республика бойынша шақыру жоспары 84 пайызға орындалды.
Елдің 40-тан астам қаласы мен ауданы күзгі шақыруға белгіленген жоспарды мерзімінен бұрын орындады.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тәуелсіздік жылдары әскери бөлімдер мен өзге де әскери құрылымдарда қазіргі заман талаптарына сай жағдай жасалған. Бұл ұлттық армияның қорғаныс қабілетін нығайтуға ықпал етеді.