Terma және Kongsberg Aviation Maintenance Services (KONGSBERG) Данияда Defence Aviation Services бірлескен кәсіпорнын ресми түрде іске қосты. Дания-норвегиялық кәсіпорын әскери авиацияны күтіп ұстау мүмкіндігін кеңейтіп, Скандинавия елдері және одақтастардың өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Іске қосылу рәсімі Копенгагендегі Норвегия елшісінің резиденциясында өтті. Оған Дания және Норвегияның қорғаныс саласы мен өнеркәсібінің өкілдері қатысты.
Кәсіпорын әскери әуе платформаларына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстарын орындайды. Сондай-ақ ол мамандарды даярлап, қажетті біліктілік пен өндірістік әлеуетті дамытуға тиіс.
Terma Дания Қарулы күштеріне қолдау көрсетудегі тәжірибесін ұсынады, ал KONGSBERG Норвегиядағы әскери авиация паркі мен жүйелеріне қызмет көрсетудегі тәжірибесін пайдаланады. Компанияның жұмысы F-35, P-8 және F-16 ұшақтарын, сондай-ақ тікұшақтар мен авиациялық қозғалтқыштарды қамтиды.
Бірлескен кәсіпорын Дания мен Скандинавия өңірінде жеткізілім қауіпсіздігі мен қорғаныс әзірлігін күшейтуді, білікті мамандар мен ұзақ мерзімді ұлттық өнеркәсіптік құзыретті дамытуды көздейді. Ол ортақ әскери платформалар бойынша Скандинавия елдері және одақтастар арасындағы ынтымақтастыққа негіз қаламақ.
Defence Aviation Services Данияда өз мүмкіндіктерін қалыптастырып жатыр. Компания Скандинавия елдері мен одақтас мемлекеттердің әскери авиация парктеріне қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.