9 қарашада Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы Бас қолбасшы штабының отырысын өткізді. Жиынға майдан шебіндегі өңірлердің өкілдері, Киев қаласының мэрі, үкімет мүшелері және әскери қолбасшылық қатысты.
Зеленский Ресейдің көпірлер мен энергетикалық желілерге қарсы әрекетінен туындаған мәселелерді талқылағандарын айтты. Оның сөзінше, Ресей Днепр бойымен Украинаны бөліп, қалалар мен ауылдардағы халықтың өмірін қиындатуға тырысады.
Президенттің айтуынша, қарсы іс-қимыл шаралары апта сайын жаңартылып отырады. Үкімет жергілікті жерде шешілмеген мәселелерді қарауға дайын, ал қажет болған жағдайда мемлекеттік ресурстар бөлінеді. Ол өңірлер мен қауымдастық деңгейінде тұрақтылық жоспарларында белгіленген шараларды орындау маңызды екенін атап өтті.