Астана полициясы жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысуды ескертті
Астана полициясы ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға шақырды. Заң бойынша 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін қысқы дөңгелексіз жеңіл көлік және жеңіл жүк көлігін пайдалануға тыйым салынған.