Нидерланд кеден қызметі 29 қыркүйек, сейсенбі күні Схипхол әуежайында әуе компаниясы экипажының мүшесінен 18 келі кокаин тапты. Есірткі Мексикадан келген рейсті тексеру кезінде анықталған.
Кеден қызметкерлері экипаж мүшелері мен олардың багажын жоспарлы тексеру барысында оның қол жүгіне жататын үш сөмкесін сканерден өткізген. Сканерлеу нәтижесінде багаж ішінен ауытқулар анықталып, егжей-тегжейлі тексеру кезінде 18 пакет кокаин табылған.
Экипаж мүшесін кеден қызметі ұстады. Кокаин тәркіленіп, жойылды.