Италияның Бергамо қаласында 5 қазанда Лонго көшесіндегі тұрғын үйде болған жарылысқа күдікті ер адам ұсталды. Оқиға салдарынан тоғыз адам жараланған.
Бергамо полициясының мобильді бөлімшесі ер адамды Бергамо прокуратурасының қаулысы бойынша ұстады.
Тергеу мәліметінше, 55 жастағы ер адам жарылыс басталған пәтердің тұрғыны болған. Ол әйелімен бірге газ жүйесін өзгертіп, бөлмелерде газ жиналуына себеп болған. Әйелі де тергеліп жатыр.