Қаржы мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады.
Тергеу мәліметінше, күдікті өз бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгрооСервис» ЖШС-ларын пайдаланған.
Ол уәкілетті органға инвестициялық субсидия алу үшін құжаттар ұсынған. Субсидия бұрын жұмсалған шығындарды өтеуге арналған.