Ауғанстанның 15 жасқа дейінгі футбол құрамасы FIFA-ның 15 жасқа дейінгі әлем кубогы және фестиваліндегі алғашқы матчында Сьерра-Леонені 2:1 есебімен жеңді.

Ауғанстан құрамасы сапынан Рамин Сұлтани және Хайр Мұхаммад Назари бір-бір голдан соқты.

24 қазанда Әзербайжанда басталған жарысқа 190 елдің құрамалары қатысады. Ауғанстан AE тобында Ресей, Түркия, Сьерра-Леоне, Судан және Джибутимен ойнайды.