Алматы құрамасы Таразда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатын алты чемпиондық атақпен және жалпы командалық медаль есебіндегі бірінші орынмен аяқтады. Алтын жүлде саны бойынша бұл — алматылық боксшылардың соңғы алты жылдағы үздік нәтижесі, деп хабарлады Алматы қаласының спорт басқармасы.
2021–2025 жылдары қала спортшылары ел чемпионаттары мен Қазақстан спартакиадасында бір маусымда екіден төртке дейін алтын медаль жеңіп алған. Биыл алты алматылық боксшы чемпион атанды. Өткен жылғы ұлттық біріншілікпен салыстырғанда чемпиондық атақ саны үш есе өсті.
Алматы құрамасы жалпы 14 медаль иеленді: алты алтын, төрт күміс және төрт қола. Ерлер және әйелдер командаларының әрқайсысы үш чемпиондық атақтан жеңіп алды.
Қазақстан чемпионаты Таразда өтті. Жарысқа елдің 20 өңірінен 369 спортшы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ерлер және әйелдер арасындағы он салмақ дәрежесінде анықталды.
Алтын медаль иегерлері: Фарух Токтасынов (70 келіге дейін), Нурбек Мурсал (75 келіге дейін), Данияр Рахимбердинов (90 келіден жоғары), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Бакыт Сейдиш (70 келіге дейін) және Елдана Талипова (80 келіден жоғары).
Күміс жүлдегерлер: Султанбек Айбарулы (85 келіге дейін), Ерсултан Сапар (90 келіден жоғары), Назым Кызайбай (54 келіге дейін) және Шахназ Исаева (57 келіге дейін). Қола медальдарды Бекнур Батырбек (85 келіге дейін), Елянур Турганова (48 келіге дейін), Дана Дидай (70 келіге дейін) және Асель Токтасын (80 келіден жоғары) алды.