Алматы құрамасы таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында бес алтын, төрт күміс және алты қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте екінші орынды Шымкент құрамасы, үшінші орынды Түркістан облысының командасы иеленді, деп хабарлады Алматы қаласының Спорт басқармасы.
Алматылықтар 2022 жылдан бері бесінші жыл қатарынан командалық есепте бірінші орын алып отыр. Осы кезеңде қала құрамасы ел чемпионаттарында төрт рет жеңіске жетті, ал 2023 жылы Қазақстан спартакиадасының командалық есебінде үздік болды.
Биылғы чемпионат 4–6 қарашада Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Елдің барлық өңірінен келген 350-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесінде медаль сарапқа салды.