Жезқазғанда он шақты қала тұрғыны жаңа пәтерлердің кілтін алды. Кілттерді табыстау рәсімі бүгін өтті.

Қала әкімі Мұрат Бурибаев жаңа қоныстанушыларды құттықтап, жаңа үйлерінде береке мен жайлылық тіледі.

Қала әкімі өз құттықтауында жеке баспана отбасының амандығы, тұрақтылығы және болашаққа сенімі үшін маңызды негіз екенін атап өтті.