Қазақстандық сержант Әсем Орынбай Дохада (Катар) өткен стенд атудан әлем чемпионатында елге 2028 жылғы Олимпиадаға алғашқы лицензияны жеңіп алды. Ол Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армияның орталық спорт клубының атынан сынға түсті.
Әйелдер арасындағы жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде Орынбай 125 нысананың 121-ін дәл көздеді. Қосымша атыстан кейін финалға жолдама алды.
Финалда спортшы 24 нысананың 20-сын көздеп, үздік бестікке енді. Бұл нәтиже Қазақстанға Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына стенд атудан алғашқы лицензияны әкелді.