Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлердегі кредиттік тұрғын үйге өтінім қабылданып жатыр.

Бағдарлама 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына сілтеме жасап хабарлады.