25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Ұлттық мерекеге орай Астанада 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылады.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бағдарламаға салтанатты, мәдени-танымдық, білім беру, спорттық, экологиялық және әлеуметтік шаралар кіреді.