«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі 5 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) KZ2C00018687 (BTRKb35) облигацияларын орналастырды. Орналастыру көлемі 50 млрд теңге, купондық мөлшерлемесі жылдық 15,72%, айналым мерзімі — бес жыл.
Орналастыру кезінде белсенді өтінімдердің жалпы көлемі 108,6 млрд теңге болды. Сұраныс ұсыныстан 2,2 есе асып, тоғыз қатысушыдан өтінім түсті.
Қосымша орналастыру кезінде белсенді өтінімдер көлемі 52,6 млрд теңгеге жетті, ал сұраныс ұсыныстан 3,1 есе жоғары болды. Бұл кезеңге бес қатысушы қатысты.