Ақтөбе облысында 5 мың көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды.

Кешен қаланың қалыптасып келе жатқан «Алтын Орда» әлеуметтік-іскерлік орталығында салынып жатыр.

Жаңа аренада ірі жарыстар, жаттығулар және бұқаралық іс-шаралар өткізу жоспарланған.