Қазақстан қор биржасында (KASE) 5 қарашада Астана уақытымен сағат 17:00-де шетел валюталары нарығындағы сауда аяқталды. Саудаға 30 қатысушы қатысты.
Спот-нарықта USDKZT_TOM құралы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 451,16 теңге болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда көрсеткіш 1,56 теңгеге төмендеді. Сауда көлемі 377 058,29 мың доллар болды.
RUBKZT_TOM құралы бойынша рубльдің орташа өлшенген бағамы 5,5168 теңгені құрады, бұл алдыңғы сауда күнінен 0,0153 теңгеге төмен. CNYKZT_TOM бойынша юань бағамы 67,6309 теңге болып, 0,2206 теңгеге түсті.