Еуразиялық даму банкі (ЕАБР) мен «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстан экономикасының басым салаларын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды синдикатталған кредиттеу жөніндегі стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге келісті.
Меморандумға 10 қарашада Абу-Дабиде ЕАБР басқарма төрағасының орынбасары Руслан Даленов және «Банк ЦентрКредит» басқарма мүшесі, вице-президент Нурлан Шегебаев қол қойды. Құжатқа қол қою ЕАБР-дің Абу-Дабидегі халықаралық қаржы орталығы (ADGM) кеңсесінің ашылуына арналған шара аясында өтті. Оған Біріккен Араб Әмірліктері Қаржы министрлігінің өкілдері қатысты.
ЕАБР мәліметінше, банктер Алматы халықаралық әуежайын одан әрі дамытуға арналған қаржыландыруға Bank of America ұйымдастырған синдикат құрамында қатысқан. Қаржыландырудың жалпы көлемі 670 млн АҚШ долларын құрады.