Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анталияда өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының 31-конференциясы (COP31) аясында Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті.

Кездесуге Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар, Қазынашылық және қаржы министрі Мехмет Шимшек және Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Каджыр қатысты.