9 қарашада Вадуцте Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі елшісі Қайрат Саржанов Лихтенштейннің қаржылық барлау бөлімшесінің директоры Бианка Хеннигпен кездесті.
Кездесуде елші Қазақстан халқына арналған «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле» атты Жолдаудың негізгі ережелерін таныстырды. Ол экономиканы цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және қаржы үдерістерінің ашықтығына назар аударды.
Бианка Хенниг Қазақстан тарапымен байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Тараптар қылмыстық кірістерді жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және басқа да қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл, тәжірибе алмасу және тиісті ведомстволар арасында тікелей байланыс орнату мүмкіндіктерін талқылады.