30 қазанда Астанада ұлттық валюта күніне орайластырылған Finance Chess Cup — 2026 салалық шахмат турнирінің финалдық кезеңі ашылды. Финалға мемлекеттік органдардан, қаржы институттарынан және квазимемлекеттік сектор ұйымдарынан 150 өкілден құралған 50 команда қатысып жатыр.
Турнир екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан шахмат федерациясы.
Биыл жарысқа алғаш рет Жоғары аудиторлық палата, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық экономика министрлігінің командалары қосылды.
Ашылу рәсімінде қатысушыларға Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Ернар Ержанов және Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов құттықтау сөз сөйледі. Ержанов финалға шыққан қатысушыларды құттықтап, федерацияға, төрешілерге және ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Турнирге Қаржы министрлігінің комитеттері мен аумақтық органдары, қаржы ұйымдары және квазимемлекеттік сектор компаниялары да қатысып жатыр. Әр командада екі ер адам және бір әйел бар.
Жарыс швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұрады және екі күнге созылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер 31 қазанда анықталады.