Бакуде ерлер арасындағы XXI және әйелдер арасындағы XII өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатының жабылу және марапаттау рәсімі өтті. Жарысты Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен Өрт сөндірушілер және құтқарушылар халықаралық спорт федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.
Әйелдер командалары арасында Ресей бірінші, Беларусь екінші, Қазақстан үшінші орын алды. Ерлер арасындағы жалпы есепте де Ресей жеңімпаз атанып, Беларусь күміс, Қазақстан қола жүлдеге ие болды.
Жабылу рәсімінде чемпионат туы Әзербайжан төтенше жағдайлар министрінің орынбасары, генерал-майор Юсиф Нәбиyevтің қолынан Беларусь төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Сергей Лапановичке табысталды.