Fitch Ratings Kcell компаниясының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BB+»-тен «BBB−»-ке көтеріп, болжамын «Тұрақты» деп белгіледі. Бұл туралы Kcell хабарлады.
Компания рейтингі Fitch Ratings шкаласы бойынша алғаш рет инвестициялық деңгейге жетті. Агенттік мұны Kcell-дің нарықтағы тұрақты позициясымен, операциялық көрсеткіштерінің оң динамикасымен және қарыз жүктемесінің қалыпты деңгейімен түсіндірді.
Рейтингтің көтерілуіне Kcell-дің бас компаниясы «Қазақтелеком» тарапынан көрсетілетін қолдауды агенттіктің жоғарырақ бағалауы да әсер етті. «Қазақтелеком» «Самұрық-Қазына» тобына кіреді.