12–15 қазан аралығында Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бірлескен миссиясы өтеді.
Миссия Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын өзін-өзі бағалау есебін дайындауға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ ол ядролық инфрақұрылымды кешенді шолу (INIR) миссиясының екінші кезеңіне арналған негізгі миссияға дайындыққа көмектеседі.