Қазақстан қор биржасының (KASE) басқармасы 2026 жылғы 5 қарашада «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесін цифрлық қаржы активтері платформасына қатысушы ретінде қабылдауды мақұлдады.

Платформа қатысушыларының тізімі KASE интернет-ресурсында жарияланған.

KASE сайтында цифрлық қаржы активтері платформасы операторы мен цифрлық активтер сауда платформасы операторының қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның қызметін реттейтін қағидалар да орналастырылған.