Қазақстан қор биржасында (KASE) 10 қарашада Астана уақытымен 17:00-де шетел валюталары нарығындағы сауда аяқталды. Саудаға 27 қатысушы қатысты.
Спот-нарықта USD/KZT_TOM құралы бойынша орташа сараланған бағам 447,22 теңге болды. Көрсеткіш алдыңғы сауда күнінен 1,60 теңгеге төмендеді, сауда көлемі 416 529,29 мың АҚШ долларын құрады.
EUR/KZT_TOM бағамы 501,70 теңге болып, 0,35 теңгеге төмендеді. CNY/KZT_TOM бағамы 67,0666 теңге болды, ал RUB/KZT_TOM бағамы 5,4135 теңгеге жетті.