Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 9 қарашадан бастап Sandisk Corporation компаниясының жай акциялары бойынша сауданы тоқтатады. Акциялар KASE Global секторында SNDK_KZ белгісімен саудаланады.
KASE хабарлауынша, бұл акциялар бойынша сауда 2026 жылғы 23 қарашадан бастап қайта жалғасады.
Сауданың тоқтатылуына акциялардың 8:1 коэффициентімен сплиттен өтетіні туралы биржадағы ақпарат негіз болған. Шешім KASE ішкі құжатының 13-тарауы, 77-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылданды.