2026 жылғы 1 қазанда Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк жұмыс істеді. Олардың 10-ы шетелдік банктердің еншілес ұйымдары, бір банктің капиталына мемлекет 100% қатысады.
Банк активтері қыркүйекте 1,5%-ға өсіп, 76,8 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері өсім 8,6% болды. Активтердің өсуіне негізінен кредит портфелінің 1,1%-ға, 46,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюы әсер етті.
Екінші деңгейдегі банктердің экономикаға берген кредиттері қыркүйекте 0,6%-ға өсіп, 43,1 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бергі өсім — 7,2%. Ұлттық валютадағы кредиттер 0,9%-ға өсіп, 38,8 трлн теңге болды, ал шетел валютасындағы кредиттер 1,9%-ға азайып, 4,3 трлн теңгеге түсті. Теңгемен берілген кредиттердің үлесі 90%-ға жетті.