Қазақстанда Ішкі істер министрлігінің «Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов» ведомстволық медалі тағайындалды.

Полиция капитаны Ғазиз Байтасов бейбіт тұрғындарды қорғау үшін өз өмірін қиды. Ол ерекше батылдық пен жанқиярлық танытып, қызметтік борышына адал болды.