Балалардағы артық салмақ пен метаболизм бұзылыстарының алдын алу Астанада өткен «Саламатты мектеп» бірінші республикалық форумының тақырыптарының бірі болды.
2024 жылғы көпкөрсеткішті кластерлік зерттеу деректері бойынша, 5–9 жастағы балалардың 23,2%-ында артық салмақ анықталған. Бұл шамамен әр төртінші балаға тең.