Қазақстан Азияның мәдени мұраны қорғау альянсында бақылаушы мәртебесін алды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Альянс кеңесінің IV отырысы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтті. Оған 20-дан астам мемлекеттің бейінді ведомстволарының басшылары қатысты.

Жиынға сондай-ақ Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру жөніндегі халықаралық зерттеу орталығының (ИККРОМ) және Қақтығыс аймақтарындағы мұраны қорғау жөніндегі халықаралық альянстың (ALIPH) өкілдері қатысты.