Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исагалиев 18 қазанда Багдадта өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 52-сессиясына қатысты.
Отырыс барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Талқылауда ислам әлеміндегі жағдайға ерекше назар аударылды.