V Азия Пара ойындарының төртінші жарыс күнінде Қазақстанның ұлттық құрамасы жеті медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылар пара садақ атудан, пара оқ атудан, пара үстел теннисінен, пара дзюдодан, велотректен, пара жүзуден, пара пауэрлифтингтен, арбадағы теннистен, пара таэквондодан, боччадан және пара жеңіл атлетикадан жарысқа қатысты.