Көкшетауда әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстанның Жоғары лигадағы 35-чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Ақмола облысы мұндай деңгейдегі жарысты алғаш рет қабылдап отыр. Турнирге елдің тоғыз өңірінен 120-ға жуық спортшы қатысады.
Чемпионаттың ашылуымен қатысушыларды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтады. Ол өңірде республикалық жарыс өткізу спорттық және ұйымдастырушылық әлеуетке деген сенімді білдіретінін айтты. Сондай-ақ облыста әйелдер волейболын дамытуға назар аударды.
Әкімнің айтуынша, кәсіби спортты қолдау аясында облыста әйелдер волейбол командасы құрылды. Бас жаттықтырушы Тимур Джарлагасовтың жетекшілігімен командаға 15 спортшы кірді. Олардың арасында Қазақстанның U-18 жасөспірімдер құрамасының өкілдері Саида Ирисматова және Валерия Кириченко, сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорт шеберлері Юлия Садило және Рената Репецкая бар.