Қазақстан құрамасы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында қоржынына тағы үш медаль қосты. Команда жарыстың командалық есебінде екінші орын алды.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Әли Яздиге қарсы шықты.