Республика күні Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті.
Салтанатты рәсім Қарулы күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінің бөлімдерінде, мекемелерінде және әскери оқу орындарында ұйымдастырылды.
Мемлекеттік ту ел тәуелсіздігінің, бірлігінің және ұлттық бірегейлігінің нышаны саналады.