Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен World Aquatics президенті Хусейн әл-Мусаллам кездесті.
Әңгіме барысында Тоқаев World Aquatics ұйымының Қазақстанның су спорты федерациясына көрсетіп отырған қолдауын жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы халықаралық спорт ұйымымен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.