Астаналық полиция қызметкерлері Шымкентте халықаралық іздеуде болған 45 жастағы ер адамды ұстады.
Тергеу дерегінше, күдікті бір топ адаммен бірге алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Астанадағы көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға азаматтардың ақшасын тартқан. Құрылыс қажетті рұқсат құжаттарынсыз және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз жүргізілген.
Қылмыстық іс аясында 292 зардап шеккен салымшы анықталды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млрд теңгеден асады.