Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, “Batyr Team” клубының тәрбиеленушісі Айда Аблаева Астанада өткен Қазақстанның ММА чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Спортшы Traditional бөлімінде 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті.
1–7 қарашада Аблаева Грузияның Тбилиси қаласында өтетін әлем чемпионатында Қазақстан атынан қатысады. Ол 18–20 жас санатында 52,2 келі салмақта өнер көрсетеді.