Астана мен Шымкенттегі Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери колледждерде курсанттардың Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты шаралар Сәғадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде және Сабыр Рахимов атындағы әскери колледжде ұйымдастырылды. Антты 200-ден астам курсант қабылдады.